ҰТЫС ТІГУ
ОЙЫНДАР
ЛОТЕРЕЯ

SMERNAX — лотерея, ұтыс тігу және ойын шешімдерінің кең спектрін ұсынатын глобалды халықаралық компания. Түрлі зерттеу және әзірлеу жұмыстарымен айналысатын бұл компания жергілікті нарықтарға бейімделген озық технологиялар мен жабдықтарды шығарады. SMERNAX компаниясы клиенттердің сұраныстарын басшылыққа ала отырып, өз клиенттері мен серіктестеріне жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді.

Нарықтағы тұрақты жетекшілік позиция

Жоғары деңгейлі сенімді жабдық және бағдарламалық жасақтама

Ойындарға қатысты жергілікті нормативтік талаптарға толық сай келетін бірегей лотерея және ұтыс тігу шешімдері

Талаптарға сай брендинг, клиентке қызмет көрсету және ішкі сапаны қамтамасыз етудің қатаң процедуралары басшылыққа алынған озық технология

Жетекші брендтермен жасалған стратегиялық серіктестіктер арқылы дамытылған инновациялық технологиялық шешімдер

Bet.OS — уақытпен тексерілген стандартты ұтыс тігудің ең үздік түрлері бойынша бірегей ұтыс тігу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін букмекерлерге арналған бизнес-шешім. Bet.OS жүйесі ұтыс тігу орындарында тігілген ұтыстарды қабылдау, есепке алу және өңдеу процестерін автоматтандырады және төлемдерді өңдейді. Бұдан бөлек, Bet.OS жүйесі онлайн ұтыс тігу нәтижелерін тексеруді жеңілдетеді. Тапсырыс бойынша жасалған букмекер жабдықтарымен жұмыс істеу арқылы Bet.OS жүйесі қандай да бір өткізілген шараның нәтижелерін өңдеп, оларды көңіл көтеретін форматта ұтыс тігу терминалдарында көрсетеді. Тігілген ақша ұтысы ұтыс тігуші шотына аударылады.

Ұтыс тігу мүмкіндіктері

Bet.OS жүйесі бүкіл әлемдегі өткізілетін іс-шаралар бойынша ұтыс тігу мүмкіндіктеріне қолдау көрсетеді. Рейстер туралы деректер, ауа райына қатысты ауытқулар, спорттық жарыстар, лотереялық ұтыс ойындары және шахмат турнирлері туралы деректер қолжетімді параметрлер қатарына кіреді. Bet.OS желілері деректерді сақтау тапсырмаларын басқаратын үшінші тараптық жалпыға қолжетімді деректер провайдерлерінен келетін деректер ағынымен толықтырылады. Тапсырыс бойынша жасалатын ұтыс тігу терминалдарымен өзара байланыс орнату арқылы ұтыс тігушілер өздері қалаған ұтыс тігу әдістерін таңдай алады. Өткізіліп жатқан шараға қатысты нәтижелер дәл сол іс-шарамен қатар бір уақытта ұтыс тігу орындарындағы теледидар экрандарында көрсетіліп тұрады.

Bet.OS артықшылықтары

  • Уақыт пен ақшаны үнемдейді
    Өз жұмысын ұтыс тігушіні тіркеуден бастап, ұтыстар мен салықтарды өңдеумен аяқтайтын Bet.OS жүйесі барлық ұтыс тігу операцияларын басқарып, реттейді. Жұмыс процестерінің реттелетін автоматизациясы қолмен жасатын жұмысты азайтып, өнімділікті арттырады.
  • Клиенттерге қолдау көрсетуге және серіктестікке бағытталған тәжірибелер
    Bet.OS жүйесінің әр нұсқасын тұрақты әрі пайдаланушыға ыңғайлы ету мақсатында, функцияларға қатысты сұраулар мен пайдаланушы пікірі әр жаңа шығарылымында есепке алынады.
  • 100% заңды
    Ұтыс тігу бизнесіне қатысты жергілікті нормативтік талаптарға бағдарлама әзірлеудің бүкіл кезеңінде жоғары деңгейлі басымдық беріледі. Bet.OS өте оңай реттеледі және оны кез келген заң талаптарына сай тез бейімдеуге болады.
  • Клиенттерге тәулік бойы демалыссыз (24/7) қолдау көрсету
    Тәулік бойы клиентке қолдау көрсету қызметі кез келген туындаған мәселелердің жылдам әрі тиімді шешілуіне кепілдік береді.
  • Тиімді промо-акциялар мен ұтыс тігушіге арналған ынталандыру сыйлықтары
    Bet.OS жүйесі ұтыс тігушінің демографиялық деректерін сақтайды және оның осы жүйеде жасаған әрекеттерін қадағалайды, сондай-ақ, арнайы ұсыныстар мен жарнамаларда қолданылатын маркетингілік құралдарды ұсынады.
  • Бизнес-аналитика және есеп беру жүйесі
    Bet.OS аналитикалық модулі ұтыс тігуге қатысты бүкіл деректерді жинап, сақтайды және оларды қорытындылап көрсетеді немесе егжей-тегжейлі есептер жасап шығарады. Бұл есептерді реттеуге болады және олар ұтыс тігу операцияларына қатысты жасалған кез келген талдау жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
  • Халықаралық стандарттарға сәйкестік
    Bet.OS жүйесі BMM арқылы сертификатталған және ұтыс тігу стандарттарының талаптарына толық сәйкес келеді.
  • Интеграциялар
    Bet.OS — үшінші тараптық ұтыс тігу өнімдерімен оңай біріктіруге болатын ашық жүйе.
  • Ұтыс тігушінің идентификациялық картасы
    Барлық іс-шаралар түріне қолданылуға болатын ұтыс тігушінің идентификациялық картасы барлық ұтыс тігушілерге беріледі.
  • Жақын арада шығатын жаңа мүмкіндіктер
    Bet.OS жүйесін әзірлеу тобы әрдайым өзгеріп отыратын нарық талаптарына сай бейімделу жолында өз жұмысын тоқтатпайды. Қосылып жатқан жаңа ойындар мен функциялардың арқасында жүйедегі ұтыс тігу параметрлері тек кеңейтіле бермек.

Bet.OS жүйесі туралы толығырақ ақпарат алу үшін, өнімге арналған веб-сайтқа кіріңіз:

betos.bet

GRAVITY OF GOLD — казинолардағы дәстүрлі покер ойындарын түбегейлі өзгертетін революциялық өнім. Ол ойын барысын қадағалап отыратын ойыншысы бар нақты уақыттағы шынайы покер үстелі тәжірибесін ұсынады.

GRAVITY OF GOLD жүйесінің орталық элементі мен фасады — кішкене шарлары бар лототрон пішініндегі механикалық кездейсоқ сандар генераторы (RNG) бүйірінде орнатылған бірегей жабдық болып табылатын покер құрылғысы. Әр кішкене шар электрондық тақтадағы ойнатылып жатқан картада көрсетілетін радиожиілікті идентификациямен (RFID) жасақталған. Физикалық кездейсоқ сандар генераторы (RNG) шарларды араластырады және карта мәмілесін көрсететін арнайы бағандарға таратып, біркелкі үлестіреді.

Мінсіз таза ойын тәжірибесі
Ойыншы толық бақылауда болады, сонымен бірге ол шарлардың қанша уақыт бойы араластырылатынын және қай шардың қайсы картаға сәйкес келетінін шеше алады.
SAS протоколына толық қолдау көрсету
SAS протоколы бүкіл әлемдегі ойын операторларымен мақұлданған де-факто стандарт болып табылады. Gravity of Gold жүйесі SAS 6.02 нұсқасымен жұмыс істейді және бұрынғы нұсқаларына да қолдау көрсетеді. SAS 6.02 протоколы ойын құрылғыларына қойылатын барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді және заманауи казинолар талап ететін барлық функцияларға қолдау көрсетеді.
Сенсорлы экран
Казино қызметкерлеріне арналған кеңестер
Брендинг
Кез келген логотипті, хабарларды және мультимедиаларды жүктеп салу арқылы покер құрылғысындағы ойынға арналған интерфейс көрінісі мен ыңғайлылығын реттеуге болады.
TITO (Билет қабылдау/Билет шығару) және AFT (Кеңейтілген қаражат аудару)
Ойыншыға бірнеше ақша аудару мүмкіндіктері беріледі: қолма-қол жасалмайтын аударым, TITO (жетонмен төлеу) және қолма-қол ақша.
Әдемі графикалар мен шынайы ойын тәжірибесі
Дауыстап айтылатын нұсқаулық

Ағымдағы уақытта GRAVITY OF GOLD жүйесі түрлі танымал казино ойындарын ұсынады, атап айтқанда: Three Card Poker, Casino Stud Poker, Casino Hold'em Poker, Let It Ride, Crazy 4 Poker. Жүйенің прогрессивті джекпоттарға қолдау көрсетуі де өнімге деген қызығушылықты арттырады.

Барлық ойындарда ойын ережелеріне, кесте пішімдеріне, коэффициенттерге, жанама тігілген ұтыстарға және ойын түрлеріне қатысты Ұлыбританияда қабылған казино ойындарының ережелері сақталған.

Gravity of Gold жүйесі туралы толығырақ ақпарат алу үшін, өнімге арналған веб-сайтқа кіріңіз:

gravity-of-gold.smernax.com

Griffon — лотереялардың жылдам сатылуын автоматтандыратын электрондық лотерея жүйесі.

Griffon жүйесі лотерея операциясына қатысты барлық базаларды қамтиды:

Лотерея билеттерін құру

Бөлшек сауда серіктестерінің желілері арқылы соңғы клиентке үлестіру.

Лотерея терминалдары арқылы билет сату

Griffon артықшылықтары

Griffon жүйесі туралы толығырақ ақпарат алу үшін, өнімге арналған веб-сайтқа кіріңіз:

griffon.smernax.com

info@smernax.com
office@smernax.com
legal@smernax.com
finance@smernax.com
sales.int@smernax.com
sales.cis@smernax.com
product.support@smernax.com
tech.support@smernax.com
www.facebook.com/Smernax Жүктеп алу
© Smernax Holdings Limited 2017. Барлық құқықтары қорғалған.

КОНТАКТІЛЕР

Archiepiscopou Makariou III, 73,
METHONIS TOWER, 7-ші қабат, Пәтер/Кеңсе 705, 1070,
Никосия, Кипр